Биоалуантүрлілікті қорғаудың жаңа тәсілдері: Астанада Ғылыми зерттеу нәтижелері ұсынылды  

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті.

Зерттеуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы жүргізді. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, сондай-ақ қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері талқыланды. Осы саладағы заңнаманы және құқық қолдану тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Зерттеу нәтижелері экологиялық қауіпсіздік пен табиғи ресурстардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz