Алғыс айту күнін мерекелеу аясындағы танымдық кездесу

Құқық қорғау органдары академиясында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасовамен кездесу өтті.

Бұл іс-шара жастармен рухани-ағартушылық жұмыс аясында ұйымдастырылып, Қазақстанхалқының бірлігі мен ынтымақтастығын бейнелейтін Алғыс айту күніне орайластырылды.

Іс-шараға Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы Аида Әнуар, Академия басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушылары қатысты.

Алғыс айту күні – Қазақстанда тұратын түрлі этностардың өкілдері арасындағы құрмет, мейірімділік пен ризашылықты көрсететін маңызды мереке. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аталып өтілуде.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан халықтары арасындағы достық пен келісімнің символы ретінде алғыс айту күнінің рөлін талқылау болды. Айгүл Кәкімбекқызы өз сөзінде бұл күн Қазақстанның байлығын көрсететін түрлі мәдениеттерге деген бірлік, өзара түсіністік пен құрметтің маңыздылығын еске салатынын атап өтті.

Пікір алмасу барысында еліміздің тұрақты дамуының негізгі факторы ретіндегі «Заң мен тәртіп» мемлекеттің негізгі құндылығы туралы мәселелер де көтерілді. Құқықтық тәртіп елдің өркендеуінің негізі болып табылатыны және оны нығайту қоғамның, билік пен жастардың бірлескен күш-жігерін талап ететіні атап өтілді.

Академияның тындаушылары Қазақстандағы ұлтаралық келісімді одан әрі дамыту мәселелері бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және бейбітшілік, әділдік пенөзара сыйластық құндылықтарын насихаттауға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz