Қысқы тимбилдинг – 2025

21 ақпанда Академия қызметкерлеріне арналған командалық рухты нығайтуға, ұжымды біріктіруге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қысқы тимбилдинг өтті.

Іс-шараға қатысушылар қуат алуға, белсенді және көңілді уақыт өткізуге, сондай-ақ физикалық және эмоционалдық денсаулықты нығайтуға тамаша мүмкіндік алды.

Тимбилдингке әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлерінен құрылған 5 команда қатысты. Олар шаңғы жарысы, командалық шаңғы тебу, садақ ату, шеге қағу, торлы доп, боулинг, корнхоль және бобслей сияқты қызықты сынақтардан өтті. Жарыс барысында қатысушылар көптеген жарқын эмоцияларға ие бола отырып, бірлікті, ептілікті және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Академия басшылығы командалық жұмыс деңгейін және қызметкерлердің спорттық жарыстарға белсенді қатысуын жоғары бағалады.

Жарыс қорытындысы бойынша 3 институтың «»Косшы  барсы» командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар кубоктармен, грамоталармен және жүлделі ваучермен марапатталды. Іс-шара достық шай ішу кешімен аяқталды, онда әріптестер өз әсерлерімен бөлісіп, жетістіктерін атап өтті.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz