Академия тыңдаушылары Бас прокуратураға барды

Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары Бас прокуратура ғимаратына арнайы сапар жасады.

Бұл сапарды Академия Бас прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырды, оның басты мақсаты — болашақ прокурорларды қадағалау органдарының тарихымен, бастықызмет бағыттарымен және орталық аппараттың негізгі бөлімшелерінің жұмысымен таныстыру.

Кадрлық жұмыс департаментінің, сонымен қатар орталық аппараттың негізгі қызметтерінің өкілдері жас мамандармен кездесулер өткізіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті және құнды кеңестер берді.Сондай-ақ жоғары қадағалау органының өкілдері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында болашақ прокурорлар өздерінің кәсіби дамуына, мансаптық перспективаларына және прокуратура органдарында жұмыс істеудің практикалық аспектілеріне қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды.

Сонымен қатар тыңдаушылар үшін прокуратура органдарының қызметі туралы деректі фильм көрсетілді, ол құқық қорғау жүйесінің мол тарихына және заманауи сын-қатерлеріне қалай жауап беретінін білу.

Академия тыңдаушылары Бас прокуратураның негізгі нысандарына, соның ішінде Азаматтарды қабылдау орталығына, Ахуалдық орталыққа, Мұражайға, Спорткешеніне, Call-орталыққа, Баспасөз орталығы және тағы басқа.

Іс-шара дәстүрлі болып табылады және оның тыңдаушыларды кәсіби даярлау процесінде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек.

Бұл құқықтық сананы нығайтуға, жас заңгерлердепрокуратура органдарының миссиясы туралы түсінікқалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ оларды алдағы қызметте Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» қағидасын нақты іске асыруға ынталандырады.