Академия қызметкерлері киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы білімдерін арттырды

 Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау шеңберінде Құқық қорғау органдары академиясында киберқауіпсіздікті және жеке деректерді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды және Академияның осы салада мамандандырылған қызметкерлеріне арналған.

Комитет сарапшылары ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ қабылданып жатқан қадағалау шаралары туралы айтып берді.

Қатысушыларға халықтың кибергигиеналық деңгейін арттыру үшін әзірленген «citizensec.kz» және «nomadguard.kz» тегін білім беру платформалары таныстырылды. Бұл ресурстарға деректерді қорғау бойынша бейне курстар, сондай-ақ онлайн алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, қаржылық қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау бойынша пайдалы кеңестерді қамтитын «citizensec» журналы кіреді.

Бұдан басқа, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ және «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ мамандары қатысушыларды веб-сайттарды, электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалануға, сондай-ақ смартфондар мен дербес компьютерлерде деректерді қорғауға үйрете отырып, цифрлық гигиена бойынша сабақтар өткізді.

Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы алған білімдерін болашақта құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін оқыту кезінде қолдана алады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz