Академияның бірінші проректоры Мәскеуде өткен халықаралық конференцияға қатысты

 2025 жылғы 12-16 ақпан аралығында Академияның бірінші проректоры Қ. Сейтенов Ресей Федерациясының Тергеу комитеті ұйымдастырған «Адамзаттың ақпараттық қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу үшін Мәскеуге (Ресей Федерациясы) жұмыс сапарымен барды.

Конференция аясында киберқылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологияларды енгізу талқыланды.

Конференцияның соңғы және маңызды бөлігі Құқық қорғау органдары академиясы мен ММУ Заң факультеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Меморандум бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және тәжірибе алмасуды көздей отырып, академиялық өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашады. Бұл сапар Академияның халықаралық әріптестігін нығайтып қана қоймай, жетекші білім беру мекемелері арасында берік ғылыми байланыстар құру жолындағы маңызды қадам болды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz