Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Академияның 10 жылдығына арналған «Конфликтология» тақырыбында бинарлық сабақ өтті.
Құрметті қонақтар мен негізгі спикерлер ретінде «International Mediation Centre» Республикалық қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушылар мен жаттықтырушылары Қайрат Даркебайұлы мен Назм Муталлапқызы Төлекеевтер сөз сөйледі.
Іс-шараның мақсаты – дауларды медиативтік шешу саласындағы білім алушылардың құзыреттерін дамыту, жанжалды жағдайларда эмпатияны қолдану. Семинар ғылыми пікірталас форматында өтті, оның шеңберінде Қазақстандағы медиация институтын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары талқыланды.
Қатысушылар құқықтық ағарту мәселелерін, қылмыстық процесте медиацияны қолдану ерекшеліктерін, тараптар арасында бітімгершілікке қол жеткізуді, медиативтік келісімдерді орындауды және оларды бұзғаны үшін жауаптылықты қозғады.
Пікірталасқа ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттар, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Талқылау барысында білім алушыларға диссертациялық зерттеулерінде ескерілетін ұсыныстар берілді. Сондай-ақ бұдан былай осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы атап өтілді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz