Дүниежүзілік балалар қатерлі ісігіне қарсы күрес күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 10 жылдығы жоспарын іске асыру шеңберінде 3-Институт онкологиялық аурулардан зардап шегетін балаларды қолдауға бағытталған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
15 ақпанда Балалар қатерлі ісігімен күресудің халықаралық күні атап өтіледі, бұл осы ауыр аурумен күресу үшін күш біріктіру қажеттілігін еске салады.
Бұл күні 3-Институттың оқытушылары мен білім алушылары Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барып, қан донорлары болды, сол арқылы балалардың өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосты. Әрбір қан тапсыру – бұл кішкентай науқастардың тез айығу мүмкіндігі.
Оған мұқтаж жандарға бірге үміт сыйлайық.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz