Салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде ағымдағы жылдың 12 және 14 ақпанында Құқық қорғау органдары академиясында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылары арасында Академияның 10-жылдық мерейтойына арналған волейболдан турнир өткізілді.
Барлығы 6 команда қатысып, міндетті шарттардың бірі әйел ойыншылардың қатысуы болды. Барлық ойыншылар әр доп үшін күресіп, тамаша ойын деңгейін көрсетті.
Турнирдің жеңімпазы болып 2-ші оқу жылының құрама командасы танылды, екінші орынды профессорлық-оқытушылық командасыиеленді, үшінші орынды МҚҚ-11 тобына берілді.
Командалардың жекелеген өкілдері: «Үздік ойыншы» – Гутяр Диана; «Үздік шабуылшы» – Алуадин Рамазан; «Үздік қорғаушы» – КалыковаДинара; «Үздік байланыстырушы» – Файзоллаева Жұлдыз; «Үздік либеро» – Сүлейменова Мадина атақтарына ие болды.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар кубоктармен, сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.