Мемлекеттік айыптау жаңа деңгейде: прокурорлар дағдыларын жетілдірді

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында мемлекеттік айыптаушыларға арналған «Алқабилер қатысатын сотта мемлекеттік айыптауды қолдау тактикасы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.

Бағдарлама аясында тыңдаушылар алқабилерді іріктеудің, сот процесіне дайындықтың, дәлелдемелермен жұмысты ұйымдастырудың озық әдістерін, сондай-ақ дәлелдеу мен сендірудің тактикалық тәсілдерін зерделеді.

Оқытудың ерекшелігі сотта жедел әрекет ету дағдыларын дамытуға және медиа-қоғамдастықпен тиімді қарым-қатынас жасауға арналған квест-технологияларды енгізу болды. Курстың соңғы кезеңі сот процесін модельдеу болып, қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолданды.

Академияның және MNU Университетінің тәжірибелі оқытушылары, соның ішінде педагогика және психология мамандары жүргізді. Сабақ барысында практиканың өзекті мәселелері, көпшілік алдында сөйлеу негіздері, тұлға психологиясы және жанжалдарды басқару мәселелері қаралды.

Құқық қорғау органдары академиясы барлық қатысушылар мен оқытушыларға белсенді қатысқаны және мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz