Академия қызметкерлері Қазақстан прокуратурасының шаңғы чемпионатының көшбасшылары арасында!  

Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы бойынша республикалық чемпионатқа қатысты.

Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаменті мен Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ұйымдастырған жарыс Борки кентіндегі шаңғы-роллер трассасында өтті. Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 15 команда және 60-тан астам спортшы қатысты.

Академиядан Марат Әбдірахманов, Жанат Есмағамбетов және Сабина Қасымова қатысты, олар жеке және командалық сынақтарда лайықты өнер көрсетті. Сабина Қасымова жеке жарыста екінші орын, ал эстафетада Академия командасы үшінші орын алды. Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алып, көшбасшылар үштігіне кірді.

Чемпионат тек спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының батырларына деген құрмет болды. Құқық қорғау органдары академиясы спорттық дәстүрлерді және өз қызметкерлерінің әртүрлі деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысуын жалғастыруда.

Біздің команданы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz