Астана қаласының Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Тәртіпті өзіңнен баста» республикалық акциясы аясында Құқық қорғау органдары академиясының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Дәріскерлер ретінде академияның Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Бүркіт Нұрмағамбетов және Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы дайындық кафедрасының доценті Нұрғали Рахимов сөз сөйледі.
Оқушылар ашық диалог форматында құқық үстемдігін, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың себептерін және олардың салдарын талқылады. Құқыққа қайшы көріністердің, оның ішінде діни экстремизмнің алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Спикерлер деструктивті топтардың жастарды заңсыз әрекеттерге тарту үшін манипуляцияларды қалай қолданатынын егжей-тегжейлі талдап, заңнаманың негіздерін білу және сыни тұрғыдан ойлау мұндай қауіптерден қорғаудың негізгі құралдары екенін атады.
«Өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру басым міндеттердің бірі болып табылады. Заң мен жеке жауапкершіліктің рөлін түсіну — мықты, қауіпсіз және әділ қоғамның негізі», — деп атап өтті Бүркіт Нұрмағамбетов.
«Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы жастардың құқықтық сауаттылығын, азаматтық сана-сезімін және белсенді өмірлік ұстанымын дамытуға бағытталған. Құқық қорғау органдары академиясы жастарға құқықтар, міндеттер және заңдарды сақтау қажеттілігі туралы терең білім беру үшін осындай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz