«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге бағытталған «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Құқық қорғау органдары академиясының ардагерлері аталған бастаманы қолдап, еліміз бойынша жастарға өз тәжірибесін жеткізуде
Кездесуге экономика және құқық факультетінің деканы Айдар Байкин, Қостанай облысы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Серік Шарабасов және Құқық қорғау органдары академиясының ардагері Еркін Құрманалинов қатысты.
Еркін Құрманалинов өз сөзінде құқық қорғау органдарындағы көп жылдық жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, кәсіби этиканың маңыздылығы, құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерінің жауапкершілігі және заңдылық қағидаттарын сақтау туралы айтты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер сұрақтар қойып, өзекті құқықтық мәселелерді талқылады және сарапшылардан пайдалы ұсыныстар алды.
«Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал ете отырып, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жастарды біріктіруге өз нң әсерін тигізуде деп санаймыз.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz