ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеу аяқталды

Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыруға арналған ведомствоаралық ғылыми зерттеуді аяқтады.

Зерттеу бизнес мүдделерін қорғауға, сотқа дейінгі іс жүргізу мерзімдерін оңтайландыруға және қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын жетілдіруге ықпал ететін ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.

Жұмыс шеңберінде Ұлттық банкпен және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетпен бірлесіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру рәсімін оңайлату жөніндегі бастамалар іске асырылды, бұл процестердің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері Халықаралық дөңгелек үстелде таныстырылды және құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне енгізілді.

Жүргізілген жұмыс негізінде «ҚК-нің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Бұл құжат тергеушілерге, прокурорларға, ғалымдарға, тәжірибелі заңгерлерге және тергеу сапасын жақсартуға мүдделі басқа мамандарға арналған.

Академия қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру және заңдылық қағидаттарын нығайту үшін жағдай жасай отырып, елдің құқықтық жүйесін дамытуға үлес қосуды жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz