Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдарының барлық қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты рәсім барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер жоғары кәсібилігі, қызметтік борышына адалдығы және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалармен, медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Академия ректоры Марат Сексембаев өз сөзінде: «Прокуратура күні – бұл жай ғана мерекелік күн емес, әрбір прокурор жұмысының маңыздылығын мойындаудың символы. Сіздер әділеттіліктің қорғаушыларысыз, қоғамдағы заң мен тұрақтылықтың кепілі болып табыласыздар» деп атап көрсетті.
Ресми бөлімнен кейін Академия қызметкерлері мен білім алушылары дайындаған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жарқын шығармашылық қойылымдар, шын жүректен шыққан музыкалық нөмірлер мерекелік атмосфера тудырып, бүкіл ұжымның бірлігі мен ынтымағының символына айналды.
Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін шын жүректен алғыс білдіреді және табыс, жаңа кәсіби жеңістер мен мықты денсаулық тілейді! Сіздің қызметіңіз әрқашан қоғам тарапынан құрмет пен сенімге ие бола берсін!
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz