Қазақстан әйелдер көшбасшылығын нығайтуда: халықаралық конференция қорытындысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған «Әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық конференция өтті.

Академия ректоры Марат Сексембаев іс-шараны аша отырып Қазақстанның гендерлік теңдік пен қауіпсіздік мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастығын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И. Тарасенко әйелдерді қолдау жөніндегі ұлттық бастамаларды енгізу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын қоса алғанда, халықаралық міндеттемелерді іске асырудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамдастықтың өкілдері және Қазақстан мен шет елдердің сарапшылары қатысты.

Іс-шара бағдарламасы үш тақырыптық сессияны қамтыды, онда жанжалдардың алдын алудағы әйелдердің рөлі, дағдарыс жағдайында олардың құқықтарын қорғау және құқық қорғау құрылымдарында әйелдер көшбасшылығын ілгерілету мәселелері талқыланды.

Бірінші сессия әйелдердің қақтығыстардың алдын алуға және бейбітшілік құруға қатысуы мәселелеріне арналған. Қатысушылар Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін іске асыруды, әйелдердің саяси процеске қатысуын нығайту жолдарын және қауіпсіздік мәселелерін шешудегі халықаралық ынтымақтастықты талқылады. Екінші сессия барысында зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қақтығыстар кезінде әйелдер мен қыздарды қорғауға баса назар аударылды. Қатысушылар зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғау тетіктерін, гендерлік стереотиптерге қарсы күресте азаматтық қоғам мен БАҚ рөлін қарастырды. Үшінші сессия әйелдер көшбасшылығын дамытуға, құқық қорғау органдарында гендерлік тәсілді енгізуге және әйелдердің кәсіби даярлығын арттыруға арналған.

Конференция қорытындысы бойынша жанжалдардың алдын алу процесіндегі әйелдердің рөлін күшейтуге, білім беру және тренингтік бағдарламаларды кеңейтуге, сондай-ақ дағдарыс жағдайында қорғау және қолдау тетіктерін дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Құқық қорғау органдары академиясы барлық серіктестер мен қатысушыларға белсенді қатысқаны, іс-шараны сәтті өткізуге қосқан үлесі және талқыланатын мәселелерді дамытқаны үшін алғыс білдіреді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz