Құқық қорғау органдары академиясында шешендік шеберлік байқауы өтті. Іс-шара Бас прокуратураның 2024-2029 жылдарға арналған тіл саясатын нығайту жөніндегі жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Байқауға Академия тыңдаушылары қатысып, мемлекеттік тілде көпшілік алдында өнер көрсетудегі өз шеберліктерін көрсетті. Байқауға қатысушыларды Бас прокуратураның өкілдері мен кәсіби тәжірибесі мол Академия оқытушыларынан құралған құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Іс-шара тыңдаушылардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған. Қатысушылар прокурор мамандығының қоғам үшін маңыздылығы, прокурорлық қызметті танымал ету, көшбасшылық қасиеттер мен кәсіби дағдыларды қалыптастыру сияқты өзекті тақырыптарды қозғады. Қылмыстық, әкімшілік және азаматтық процестер шеңберінде шешендік шеберлікті көрсетуге ерекше назар аударылды.
Көпшілік алдында сөз сөйлеу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әсіресе прокурорлардың жұмысының маңызды элементі болып табылады. Сот процестеріне қатысу, азаматтармен өзара іс-қимыл жасау, заңнаманы түсіндіру және алдын алу жұмыстары кезінде өз ойларын нақты, сенімді және сауатты жеткізе білу қажет.
Мұндай байқаулар болашақ прокурорлардың кәсіби өсуіне ықпал етеді, оларға өзіне деген сенімділікті дамытуға және шешендік шеберліктерін жетілдіруге көмектеседі. Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Құқық қорғау органдары академиясы мемлекеттік тілдің маңыздылығын және болашақ құқық қорғау органдары өкілдерінің көшбасшылық қасиеттерін жетілдіре отырып, тыңдаушылардың кәсіби даярлығын дамытуға бағытталған бастамаларды одан әрі енгізуді жалғастырады.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz