OSINT технологиялары қаржылық қылмыстармен күресуге  қалай көмектеседі  

Биылғы жылдың 12-14 қарашасы аралығында Құқық қорғау органдары академиясында қаржылық тергеулерде OSINT (open Source Intelligence – ашық көздер негізінде барлау) әдістерін қолдануға арналған тренинг өтті. OSINT тергеушілерге қаржы ағындарын анықтап, тергеу үшін дәлелдер табуға мүмкіндік беретін интернет, әлеуметтік медиа және қоғамдық мәліметтер базасы сияқты ашық және қол жетімді көздерден ақпарат жинауды, әрі алдауды қамтиды.

Іс-шараны ашқан Құқық қорғау органдары академиясының проректоры Маралбек Ешімов қаржылық қылмыстарға тиімді қарсы тұру үшін озық технологияларды игерудің маңыздылығын айтты. Тақырыптың маңыздылығын және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін ЕҚЫҰ хатшылығы мен БҰҰ ЕҚБ өкілдері де атап өтті.

Тренингке Бас прокуратураны, Активтерді қайтару комитетін, Бас көлік және әскери прокуратураны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мүдделі органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысты.

Албания, Ұлыбритания және Литвадан келген сарапшылар тергеуде OSINT қолдану тәжірибесімен бөлісті. Негізгі тақырыптар қаржы ағындарын бақылау үшін ашық көздерді пайдалану, үлкен деректерді талдау әдістері, OSINT-тің халықаралық ынтымақтастықтағы рөлі және ашық көздерден алынған деректерді құқықтық пайдалану мәселелеріне қатысты болды.

Қатысушылар тренингтің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады және құқық қорғау саласында тәжірибе алмасу мен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz