Құқық қорғау органдары академиясы мен БҰҰ Қазақстанның құқық қорғау блогында болашақ көшбасшыларын даярлау үшін бірікті

Биылғы жылдың 11 қарашасында Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстанның құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының Президенттік резерві қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсы басталды. Іс-шараны Академия Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) қолдауымен ұйымдастырды. Курс тыңдаушылары – прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарының, экономикалық тергеу қызметі және төтенше жағдайлар қызметінің басшылары.

Іс-шараны ашқан Академия ректоры Марат Сексембаев: «Президенттік резерв институтының негізгі мақсаты тиімді және заманауи басшыларды даярлау болып табылады. Олар құқық қорғау блогының жұмысын түбегейлі жақсартудың «локомотиві» болуы керек» деді.

Өз кезегінде, БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесінің Қазақстандағы басшысы Мадина Сариева жаңа формация басшыларын даярлаудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын: «Құқық қорғаушыларды оқытуда халықаралық деңгейде күш-жігерді біріктіру жаһандық сын-қатерлерді тереңірек түсінуге ықпал етеді және қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимылды нығайтады» деп атап өтті.

Оқыту бағдарламасы болашақ көшбасшылардың басқару құзыреттері мен кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Тақырыптарға мемлекеттік саясат, аналитикалық және стратегиялық ойлау, көшбасшылық қабілеттер мен дағдарысты басқару дағдыларын дамыту кіреді. Нақты жағдайларға негізделген икемді (soft skills) жаттығулар мен тәжірибеге ерекше назар аударылады.

Білім беру процесі оқытудың интерактивті әдістеріне және білімді бекіту үшін практикалық сабақтарға негізделген. Курсты аяқтау 5 желтоқсанға жоспарланған.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz