Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында магистранттар мен докторанттарға арналған «Қазақстан Республикасының азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қылмыстық саясаты» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты тындаушыларға қылмыстық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті кең ауқымды құзыреттер мен дағдыларды дамыту, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
Семинар ғылыми пікірталас түрінде өтті, оның барысында Қазақстанның қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамасын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары қарастырылды. Қатысушылар қылмыстық құқық бұзушылықтардың әртүрлі түрлеріне қарсы тұру мәселелерін, қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін және тергеуді сот-медициналық қамтамасыз етуді талқылады.
Алынған ұсынымдар ғылыми жұмыстарды, соның ішінде диссертациялық зерттеулерді дайындауда пайдалы болады. Қазақстанда жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін қалыптастыру және құқықтық білім беру сапасын арттыру үшін мұндай іс-шаралардың маңыздылығы жоғары.
Құқық қорғау органдары академиясы заң ғылымының дамуына ықпал ететін және Қазақстан Республикасының құқық қорғау саласындағы кәсібилігінің жоғары деңгейін қолдайтын білім мен дағдыларды алмасу алаңын құруды жалғастыруда.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz