Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшылары БАҚ-пен өзара іс-қимыл және дағдарыстық коммуникациялар бойынша тренингтен өтті  

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы Бас прокуратурамен және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп, ішкі істер органдарының баспасөз хатшыларына арналған екі күндік тренингті аяқтады. Алматы қаласында өткен іс-шара БАҚ-пен өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға, сыни және арандатушылық басылымдарға жауап беруге дайындалуға бағытталған.

Ақпарат аса жылдамдықпен таралатын заманауи цифрлық дәуірде құқық қорғау органдарына ашықтық пен сенім қоғамдық қауіпсіздіктің кілті болып табылады. Бұл мәселелерде баспасөз хатшылары қоғамға қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтың алдын алу және тәртіпті сақтау мәселелері бойынша нақты және уақтылы ақпарат беру арқылы маңызды рөл атқарады.

Іс-шара бағдарламасы аясында қатысушылар дәстүрлі және цифрлық БАҚ-пен тиімді өзара іс-қимыл жолдарын зерделеді, сонымен қатар дағдарыстық коммуникацияларды жылдам және объективті жүргізу дағдыларын меңгерді.

Баспасөз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде жұмыс істеу ережелерін түсіндірген Бас прокуратура өкілдерінің сөйлеген сөздері, сондай-ақ адам құқықтары мен гендерлік саясат саласында терең білімі бар Академия мамандарының, қоғаммен байланыс бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың өткізген тренингтері ерекше назарға ие болды.

Тренинг БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдердің жанжалдарды шешуге және олардың құқықтарын қорғауға қатысуы туралы қарарларын орындау аясында ұйымдастырылды.

Соңында барлық қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды. Келесі жылы Академия Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қаржылық мониторинг агенттігін қоса алғанда, басқа да мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері үшін бірқатар тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz