Құқық қорғау органдарының болашағы: Қазақстанда жаһандық сын-қатерлер мен шешімдер талқыланды

2024 жылғы 1 қарашада Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының жетекші сарапшылары, сондай-ақ ұлттық және халықаралық зерттеу ұйымдарының өкілдері болып табылатын әртүрлі елдердің ғалымдары мен мамандары қатысты.

Академия ректоры Марат Сексембаев конференцияны құттықтау сөзімен ашып, қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. «Бүгінгі пікірталастар құқықтық жүйені нығайтуға көмектеседі және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын практикалық шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді. Біз талқылап отырған заманауи тәсілдер мен ғылыми зерттеулер – бұл заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жолындағы ортақ жұмысымыз», – деп атап өтті ректор отандық және шетелдік ғалымдарға алғысын білдіре отырып.

Конференцияның күн тәртібінде құқық қорғау қызметінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану, кадрлар құрамын жетілдіру, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дамыту перспективалары және қылмысқа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі сияқты негізгі тақырыптар тұрды. Қарқынды дамып келе жатқан қауіп-қатерлер жағдайында жаңа технологияларды қолдану үшін қажетті қызметкерлерді даярлауға ерекше назар аударылды.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырыс пен баяндамаларды қамтыды, олардың арасында биылғы жылы Академия жүргізген ведомствоаралық зерттеулердің қорытындылары айтылды.

Конференция қорытындылары ұлттық және халықаралық деңгейлерде құқықтық тәртіп міндеттерін тиімді шешуге ықпал ете отырып, құқық саласындағы одан әрі зерттеулер мен әзірлемелер үшін құнды ресурс ретінде қызмет ететін материалдар жинағында көрсетіледі.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz