Бүгін, Құқық қорғау органдары академиясы Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Мәскеу академиясының делегациясымен кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы өткізген «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің А.Я. Сухарев атындағы Мәскеу академиясының делегациясымен кездесу өтті.
Мәскеу академиясының өкілі ретінде оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Олег Антонов және Екатеринбург филиалының директоры Наталья Вахмянина конференцияға қатысып, баяндама жасады. Олар өз сөздерінде құқық қорғау жүйесінде кадрларды даярлау мәселелерін қозғап, қылмыспен күресу үшін цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін ұсынды.
Кездесу қатысушыларына Академияның бірінші проректоры Қалиолла Сейтенов кіріспе сөзінде білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, әрі қарай тәжірибе алмасуға және нәтижелі өзара іс-қимылға дайын екенін білдірді.
Кездесу стратегиялық әріптестікті нығайтуға және ғылыми-білім беру қызметіндегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталдын. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобалар шеңберін кеңейту ниетін растады, бұл қатысушылардың пікірінше, екі елдің құқықтық негіздерін дамытуға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz