Құқық қорғау органдары академиясы 2024 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында «Экономика саласындағы заңдылықты прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелері» тақырыбында прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын өткізді.
Оқыту шарасына алғаш рет Қазақстанның 19 облысынан, сондай-ақ Бас әскери прокуратурадан басқарма бастықтары мен олардың қоғамдық мүдделерді қорғау саласы бойынша орынбасарлары қатысты.
Курстың мақсаты құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін анықтау және талқылау, тексеру мен талдау жүргізу әдістерін жетілдіру, оның ішінде ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдану, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың өзгерістерін зерделеу болды.
Академияның профессорлық-оқытушылық құрамымен қатар Жоғарғы Соттың, Астана қалалық сотының судьялары, Бас прокуратураның, Активтерді қайтару комитетінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, Мемлекеттік кірістер комитеті және «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның қызметкерлері дәрістер берді.
Дәріс берушілер әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерулердің нәтижелері бойынша, оның ішінде ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы тіркелген экономикалық саладағы заңдылыққа, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Оқыту барысында соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, салық, кеден, жер заңнамасын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасын қолдануы бойынша, сондай-ақ азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша прокуратура органдарының іс-әрекетіне және прокурорлық қадағалау актілеріне шағымданудың сот тәжірибесінің мәселелері талқыланды.
«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның қызметкерлері жерді және пайдаланылмайтын жер учаскелерін өз бетінше тартып алу, жер, су және орман ресурстарын ұтымды пайдалану, жер қойнауын пайдалану, өсімдік шаруашылығы, өндіріс және тұтыну қалдықтары, төтенше жағдайлар бойынша қашықтықтан ғарыштық мониторинг жүргізу мүмкіндіктері таныстырылды.
Экономика саласындағы заңдылықты прокурорлық қадағалаудың негізгі мәселелерінен бөлек Академия профессоры Ұ.Қ.Жанатаева жанжалдарды басқару мен келіссөздер жүргізу мәселелері бойынша сабақтар өткізді.
Отандық дәріс берушілерден басқа, бейнеконференц байланысы арқылы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Әскери университеті (Мәскеу қ.) кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Римма Махьянова өз тәжірибесімен бөлісті.
Алынған білімдер прокурорларға қадағалау қызметінде қолданыстағы құқықтық құралдарды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz