2024 жылғы 8-10 қазан аралығында Құқық қорғау органдары академиясында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп, әйелдер көшбасшылығы бойынша үш күндік тренинг өтті. Іс-шара ұлттық гендерлік саясатты қолдау және әйелдерді құқық қорғау органдарында жетекші орынға жылжыту аясында ұйымдастырылды.
Тренингке құқық қорғау, арнайы және әскери органдардың ғылыми-білім беру ведомстволық мекемелерінен, сондай-ақ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен 27 қызметкер қатысты. Іс-шара бағдарламасы көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, көшбасшы әйелдерді орналастыруға және олардың ұйымдарындағы оң әсер ету құралдарын зерделеуге бағытталған.
Қатысушылар өз мекемелерінде гендерлік саясат мәселелерін белсенді түрде ілгерілетуге көмектесетін құнды білім мен практикалық дағдыларға ие болды. Тренинг қорытындысы бойынша олардың көпшілігі гендерлік теңдік пен көшбасшылық мәселелерін өз жоғары оқу орындарында оқу бағдарламаларына енгізуге, осы тақырып бойынша арнайы курстар, модульдер мен дәрістер әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.
Бұл шара Академияның гендерлік теңдік және әйелдерді жетекші орынға жылжыту бойынша білім беру бастамалары сериясының үшінші шарасы болды. Академия құқық қорғау органдарындағы әйелдер көшбасшылығын одан әрі ілгерілетуді және әйелдердің басқару мен шешім қабылдаудағы рөлін күшейтуді жоспарлап отыр.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі