Болашақ басшыларды даярлау: Президенттік резерв қызметкерлерін оқыту аяқталды

2024 жылғы 4 қазанда Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың Президенттік резерві қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсы аяқталды. Курс аясында қатысушылар дағдарысты басқарудан бастап ақпараттық қауіпсіздік пен дағдарысқа қарсы насихатқа дейін өзекті тақырыптар бойынша қарқынды дайындықтан өтті.

Бір ай бойы болашақ басшылар шетелдік практиканың озық тәжірибелерін зерттеп, төтенше жағдайларда әрекет етудің заманауи әдістерін меңгерді.

Бағдарлама киберқылмыспен күресу, БАҚ-та құқық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ стресс жағдайында жұмыс істеудің психологиялық әдістерін меңгеру саласындағы дағдыларды практикалық дамытуға бағытталған.

Курстың ең маңыздысы әртүрлі салалардан жетекші мамандардың қатысуы болды.

Олардың қатарында бұрынғы Ішкі істер министрі, Академияның құрметті профессоры Қайырбек Сүлейменов, Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов, сонымен қатар психолог-кеңесші Владимир Пошатылюк, Академияның құрметті профессоры, отставкадағы ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Лола Шакимова, «Қазақстан Республикасы Жобалық менеджерлер одағы» ЗТБ вице президенті Арман Евниев, Астана қаласы Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігінің басшысы Зәуреш Шутова және басқа да жоғары деңгейдегі мамандар бар.

Олардың тәжірибесі мен білімі қатысушыларға заманауи қиындықтар мен оларды шешу әдістерін тереңірек түсінуге көмектесті.

Бағдарлама нәтижелері бойынша қатысушылар кәсіби міндеттерін тиімді атқаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беретін бірегей құзыреттерге ие болды.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі