Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында проректор Маралбек Ешимовпен Терроризмге қарсы іс-қимыл басқармасының (АТА) басшысы Уильям Хаус арасында кездесу өтті. Сондай-ақ шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің аймақтық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Август Брэндон мен Орталық Азиядағы АТА бағдарламасының менеджері Майкл Туайнинг қатысты.
Кездесудің мақсаты Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталған одан әрі ынтымақтастық пен бірлескен оқыту бағдарламаларының перспективаларын талқылау болды. Маралбек Ешимов қазақстандық мамандарды даярлаудағы өзекті қажеттіліктерді ескере отырып, 2025 жылға арналған курстар, тренингтер мен семинарлар өткізу тақырыптарын қарастыруды ұсынды.
Тараптар 2024 жылы сәтті аяқталған іс-шаралардың қорытындысын шығарды және АҚШ сарапшыларының қатысуымен симуляциялық оқытуды қоса алғанда, өзара іс-қимыл форматтарын кеңейтуге келісті.
АҚШ елшілігінің өкілдері Академиямен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күресте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.
Қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі