Құқық қорғау органдары академиясы терроризмге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосуды жалғастыруда. Осы жылдың 9-20 қыркүйек аралығында Академия қабырғасында террористік қатерлердің алдын алу және жолын кесу мәселелеріне арналған халықаралық оқу курсы өтті. Іс-шара АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен өтті.
Білім беру бағдарламасына Орталық Азия елдерінен прокуратура, полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылары мен тәжірибелі қызметкерлері қатысты. Террористік актілердің тәуекелдерін сыни бағалауды және бөлімшелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруды қоса алғанда, профилактикалық және жедел-тергеу қызметін басқарудың негізгі аспектілері талқыланды.
Қауіптерді уақтылы тану, ресурстарды тез жұмылдыру және террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Интерактивті семинарлардың форматы тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарының күш-жігерін үйлестірудің жаңа тәсілдерін жасауға ықпал етті.
Бұл курс терроризмнің алдын алуға қатысатын мамандардың біліктілігін арттырудағы маңызды кезең және тәжірибе алмасу үшін кезекті өнімді алаң болды.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі