Құқық қорғау органдары академиясы жаңадан келген магистранттар мен докторанттарды салтанатты түрде қарсы алды

Осы жылдың 2 қыркүйегінде Құқық қорғау органдары академиясы кәсіби және ғылыми құзыреттілік деңгейін арттыруға ұмтылған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне есігін қайта ашты. Салтанатты шарада Академия проректоры Маралбек Ешимов пен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Сәуле Сапаралиева білім алушыларды магистратура мен докторантураға түсулерімен құттықтады.

Проректор құттықтау сөзінде мемлекет дамуындағы ғылымның маңыздылығын атап өтіп, білім алушыларды барлық күш-жігерін өзін-өзі тануға, ғылыми жетістіктерге және кәсіби өсуге бағыттауға шақырды.

Өз кезегінде С.Сапаралиева Академияда білім алу еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп негіздерін нығайтуға бағытталған тұлғалық және мансаптық өсудің бірегей мүмкіндігі екенін айтты.

Биыл Академияның магистратурасы мен докторантурасына 81 құқық қорғау қызметкері қабылданды, оның 68-і магистратураға, 13-і докторантураға түсті. Олар үшін ұйымдастыру және таныстыру шаралары өткізілді. Қыркүйектің алғашқы аптасында магистранттар мен докторанттар профессорлық-оқытушылық құраммен, медициналық бөлімшенің қызметкерлерімен, ішкі және ақпараттық қауіпсіздік қызметімен танысты. Сондай-ақ «e-Academy» білім беру порталының, оның ішінде қашықтан оқыту жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен танысты.

Білім алушылар мен Академияның білім беру қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимыл мақсатында қосымша тренингтер және Магистранттар мен докторанттар кеңесінің отырысы ұйымдастырылды.

Құқық қорғау органдары академиясы жаңа білім алушылармен мақтанады және олардың Қазақстандағы ғылым мен қауіпсіздікті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенімді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі