Академия адам саудасына қарсы күрес саласындағы прокурорларды даярлауды күшейтуде

Құқық қорғау органдары академиясы адам саудасына қатысты қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауды қадағалау және қолдау саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша прокурорларға мамандандырылған тренингтер өткізуді жалғастыруда. Келесі шара көшпелі семинарлар сериясында сегізінші болып осы жылдың 27-28 тамызы аралығында Ұлытау облысы прокуратурасының базасында өтті.

Оқу іс-шарасының серіктесі адам саудасына қарсы тиімді шараларды жүзеге асыруда Қазақстан Үкіметін белсенді түрде қолдайтын ЕҚЫҰ бағдарламаларының Астана қаласында орналасқан кеңсесі болды.

Тренинг барысында қатысушылар адам саудасының құрбандарын анықтаудың төмендігінің кемшіліктері мен себептерін талдауға ерекше назар аудара отырып, еңбек қанаумен байланысты қылмыстардың қазіргі жағдайы мен тенденцияларын талқылады. Прокурорлар қылмыстық істерді тергеу әдістемесімен, мемлекеттік айыптауды қолдаудың тактикалық әдістерімен, сондай-ақ осы санаттағы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сот тергеуін қадағалау ерекшеліктерімен танысты.

Сондай-ақ адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғауға негіз болатын ұлттық қайта бағыттау механизмін ілгерілету мәселелері талқыланды.

Құқық қорғау органдары ұлттық қайта бағыттау механизмінде шешуші рөл атқаратынын атап өткен жөн, сондықтан прокурорларды жәбірленушілерді қорғауды және кінәлілерді жауаптылыққа тартуды қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдылармен қаруландыру қажет.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі