Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясы «Қаржы мониторингі академиясы «AML ACADEMY» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге ғалымдар, практиктер, Қазақстан мен Өзбекстан прокуратурасының, қаржы мониторингінің және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты.
Іс-шарада көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың маңызды аспектісі болып табылатын, іс жүзінде жұмыстар мен қызметтерді орындамай жалған шот-фактураларды беру істерін тергеуге қатысты проблемалық мәселелерді талқылауға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушылар талданатын санаттағы қылмыстық істерді тергеудің ағымдағы әдістерін жетілдіру бойынша тәжірибе және ұсыныстармен алмасты.
Ағымдағы жылы Академия көлеңкелі экономикамен күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізе бастады және оның аралық нәтижелері бүгінгі іс-шарада ұсынылғанын атап өткен жөн.
Жалпы, дөңгелек үстел Қазақстан мен Өзбекстанның құқық қорғау органдарының көлеңкелі экономикамен күрес мәселелері бойынша құқық қолдану тәжірибесін және өзара іс-қимылын жетілдіру жолындағы тағы бір қадам болды.