Магистранттар мен докторанттардың оқуды кезекті аяқтауы

Құқық қорғау органдары академиясы кезекті оқу жылының сәтті аяқталғанын мақтанышпен жариялайды және 2024 жылғы магистратура мен докторантураны бітірген түлектерді академиялық мансабында маңызды кезеңге жетулерімен құттықтайды.

Бүгін Академияның түлектерін, олардың туыстарын және профессорлық-оқытушылық құрамын біріктіретін салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті.

Академияның 54 магистранты мен 10 докторанты диплом иегері атанды.

Оқуды аяқтап жатқан білім алушылардың жетістіктерінің бірі докторанттар А.Н.Баданованың және А.Б.Орақбаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғауы және PhD докторы дәрежесін алуы болды.

Академия ректоры Марат Сексембаев түлектерді оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтап: «Ғылыми жаңалықтар, зияткерлік белсенділік әрқашан табысты дамудың негізі болды және болып қала береді және сіздерде құқық қорғау және жалпы заң ғылымын жетілдіру үдерісіне инновациялық идеяларыңызды енгізуге жақсы мүмкіндік бар» — деп атап өтті.

Оқуда жоғары жетістіктерге жетіп,жоғарғы оқу орынның қоғамдық өміріне белсене қатысқан түлектер Академия ректорының грамоталарымен марапатталады.

Академия өз түлектерін шын жүректен құттықтап, оларға алдағы уақытта табыс, шабыт және жаңа кәсіби жеңістер тілейді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі