Құқық қорғау органдары академиясында үш докторант докторлық диссертация қорғады

Өткен аптада Құқық қорғау органдары академиясында үш докторант философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларын сәтті қорғады.

Анна Николаевна Баданова «8D04201– Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша «Қашықтықтан тергеу іс-қимылдарын жүргізудің теориялық және қолданбалы негіздері» тақырыбында диссертациясын қорғады. Жұмыс Академияның Жалпы заң пәндері кафедрасының базасында орындалды. Рецензенттер қатарында К.В. Ким және Т.А. Ханов профессорлары, ал ғылыми кеңесшілер ретінде: әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.А.Тынышбаева, және заң ғылымдарының докторы, профессор В.Б. Шабанов болды.

Бағлан Тұрапбайқызы Исатаева докторантураның «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша «Жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемесі» диссертациясын ұсынды. Диссертация Академияның Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды. Рецензенттер қатарында заң ғылымдарының докторлары К.С.Лакбаев пен И.П.Корякин, ал ғылыми кеңесшілер ретінде: заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н.Бегалиев, және заң ғылымдарының докторы, профессор А.А. Әубәкірова болды.

Асхат Бақытұлы Орақбаев докторантураның «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша «Виртуалдандыру жүйелерімен қылмыстарды тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады. Жұмыс академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды. Рецензенттер қатарында заң ғылымдарының докторы, профессор  Л.В. Бертовский және заң ғылымдарының кандидаты Д.В. Еремеев, ал ғылыми кеңесшілер ретінде: заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.В. Сырбу болды.

Докторанттар өздерінің ғылыми еңбектерін сәтті қорғай отырып, дайындық пен құзыреттіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Олардың жұмыстары Қазақстанда құқықтану мен құқық қорғау қызметін дамытуға елеулі үлес қосады.

Докторлық диссертацияларды сәтті қорғаумен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз, табандылығыңыз және ғылымға деген адалдығыңыз терең құрметке лайық. Сіз өзіңіздің кәсіби қабілеттілігіңізді дәлелдедіңіз және заң ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қостыңыз. Сізге одан әрі табыстар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

Академияның баспасөз қызметі