Интеллектуалды жекпе-жек: Академия тыңдаушыларының білімін тексеру  

Биылғы жылдың 13 маусымы Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіби даярлығының тыңдаушылары үшін ерекше күн болды. Ойын атмосферасында олар әйгілі «Өз ойыны» телевизиялық викторинасын еске түсіретін интеллектуалды жекпе-жекке қатысу арқылы сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалау саласындағы білімдерін көрсетті.

Ойын интеллектуалды өсу және тыңдаушылар арасында белсенді білім алмасу алаңына айналды. Іс-шараға қатысушылар сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалаудың негізгі аспектілерін қамтитын түрлі санаттарда бақ сынасты. Сондай-ақ олар қылмыстық және қылмыстық процестік заңнама саласында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары және ведомстволық нұсқаулықтар бойынша тамаша білімдерін көрсетті. Жеке тақырып қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын сақтау және азаптауға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды.

Викторина сұрақтары алдағы қорытынды емтихандарды ескере отырып әзірленді және тыңдаушылардың аталған сынаққа дайындығына оң ықпал етпек. Іс-шараға қатысу оларға құқық саласындағы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Қазылар алқасының мүшесі – Бас Прокурордың көмекшісі Асем Рымбаева Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіре отырып сөз сөйледі, сонымен қатар прокуратура органдарындағы идеологиялық және тәрбие жұмыстары туралы айтты.

Іс-шара барысында қатысушыларға прокуратура қызметкерлері тарапынан тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған бұзушылықтардың нақты фактілері бар бейнеролик көрсетілді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі