Қазақстан прокурорларының этикасы және азаптаудың алдын алу бойынша онлайн-курстардың тұсаукесері  

Құқық қорғау органдары академиясында Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ бөлімшелерімен бірлесіп, Орталық Азиядағы HELP бағдарламасы аясында Қазақстанда алғаш рет іске асырылып жатқан «Қазақстан прокурорларының этикасы» және «Қатыгездікке тыйым салу» (азаптауға қарсы іс-қимыл) тақырыптары бойынша онлайн-курстар таныстырылды.

Онлайн-курстар прокурорларға және Қазақстанның басқа да кәсіпқой-заңгерлеріне (судьяларға, адвокаттарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне) өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша ыңғайлы уақытта және HELP платформасында бөлімдер бойынша өз бетінше оқуға мүмкіндік береді. Курстар халықаралық және еуропалық стандарттарды, Қазақстан заңнамасының негізгі ережелерін және прокурорлардың мінез-құлық этикасы мен азаптауға қарсы іс-қимыл практикасынан мысалдарды қамтиды.

2012 жылы ЕО және ЕО іске қосқан HELP жобасы заңгерлерге адам құқықтары жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарттарды практикалық қызметте қолдануға және оларды Еуропа мен ТМД-ны қоса алғанда, серіктес елдердің заңнамасына енгізуге көмек көрсетеді. HELP платформасында жәбірленушілердің құқықтарын қорғау, азаптаудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтары этикасы, адам саудасы және т.б. тақырыптарды қамтитын әртүрлі тілдерде 50 онлайн курс бар.

Іс-шара соңында Академия мен HELP бағдарламасының өкілдері ЖОО-ның бастамаларын қолдағаны және жемісті ынтымақтастығы үшін алғыстарын білдірді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі