Құқық қорғау органдары академиясы мемлекеттік қызметтегі шектеу мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ғалымдар, практиктер, отандық және шетелдік мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.
Академияның зерттеу ұжымының мүшелері баяндама жасай отырып, мемлекеттік қызметтегі бірқатар шектеулер мен тыйымдардың белгісіздігі құқықтық мәдениет деңгейіне және мемлекеттік аппарат кадрларының жоғары талаптарға сәйкестігіне әсер ететінін атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар «мінсіз бедел» институтын енгізу, мемлекеттік қызметшілердің пайда әкелетін үлестерді, акциялар мен мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, құқық қорғау органдарында кәсіптік одақтар ұйымдастыру және мемлекеттік қызметшілерге қосымша табыс алу мүмкіндігін бере отырып, шектеулерді жеңілдету мәселелерін талқылады.
Талқылауға шығарылатын ұсыныстар адамның құқықтары мен бостандықтарын да, мемлекет мүдделерін де қорғау тұрғысынан мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау қызметі институтын одан әрі жетілдіру үшін пайдалы болады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша оларды уәкілетті органдармен одан әрі пысықтау үшін ұсынымдар дайындалды.
Талқыланатын тақырыптың өзектілігін ескере отырып, теңгерімді және заманауи мемлекеттік қызметті қалыптастыру үшін, сындарлы ұсыныстар болған кезде, сондай-ақ зерттеуге бірлескен авторлар, консультанттар ретінде қатысуға ниет білдіргендер болса 7171181@prokuror.kz, 7171187@prokuror.kz. электрондық мекенжайлар бойынша хабарласуды сұраймыз.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі