Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен экономикалық тергеу қызметінің жедел қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы аяқталды. Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен келген қызметкерлерді біріктірді, олар апта бойы Академияның оқытушылар құрамымен және осы саладағы шақырылған сарапшылармен бірлесіп тергеуге алынған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелерін талқылады.
Курс аясында қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін тереңдетуге бағытталған дәрістерді тыңдап, тренингтерге қатысты. Бағдарлама ситуациялық есептерді шешуге негізделген практикалық сабақтар арқылы теориялық білімді бекітуге бағытталған. IT-технологиялар саласындағы қылмысты зерделеуге, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға, сондай-ақ қатар қаржылық тергеулер жүргізуге ерекше назар аударылды.
Курс сонымен қатар командалық дағдыларды үйретуді, психологиялық байланыс орнатуды және адамдармен тиімді қарым-қатынасты қамтыды. Дағдарыс жағдайында адекватты мінез-құлық үлгілеріне ерекше назар аударылды.
Курс соңында дөңгелек үстел өтті, онда қатысушылар құқық қолдану практикасының өзекті проблемалық мәселелерін талқылап, оқудың қорытындысын шығарды.
Академия Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, өз қызметкерлерінің біліктілік деңгейін тұрақты арттыруға бағытталған.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі