Академия ардагерлерге құрмет көрсетіп, мереке қарсаңында ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету және Академияның ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау шарасын ұйымдастырды.

Шараның негізгі тұлғасы Керчь қаласын азат етуге, Берлин операциясына және Курск бұлғасындағы шайқастарға қатысушы, соғыс ардагері Нұрқасым Әжітаев болды.

Майдангер жеңісті 293-ші атқыштар дивизиясының құрамында Жапониямен болған әскери шайқаста қарсы алды.

Семей облысы, Абралы ауданы, Сарықамыс ауылында 1925 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген Нұрқасым ата ұрыстағы ерлігі үшін көптеген орден, медальдармен марапатталған.

Жас ұрпақ арасында отансүйгіштік пен тарихқа деген құрмет сезімін ояту мақсатында ардагерлер фотосуреттерінің галереясы және атақты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев және Бауыржан Момышұлына арналған көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ «Қорғаушы және ардагер балалардың көзімен» балалар шығармашылығының байқауы өтті.

Шараның шарықтау шегі Академияның ардагерлері, қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысқан Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдың дәстүрлі рәсімі болды.

Биыл Рейхстаг ғимаратына бірінші болып Жеңіс туын тіккен Қазақстанның Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын атап өтеміз.

Іс-шара азаматтық рух пен жас ұрпақтың адамгершілік құндылықтарының негізін қалап, отансүйгіштік дәстүрлері мен батырлықты  құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.

Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ұмтылу жолында уақыт пен ұрпақ арасындағы байланысты нығайта отырып, қызметкерлерді кәсіби және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған жұмысты жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі