Хабарландыру

«Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефоны: 8702-977-49-36, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

 

Жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Лауазымдық айлықақы :

 

Санаты Еңбек өтіліне қарай
min max
С-4 263 131 302 255

 

Академияның Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің 26.12.2026 жылға дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне, осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығу құқығымен).

Функционалдық міндеттері: қызметкерлерге ақшалай ризықты, Академияның тыңдаушылары мен білім алушыларына стипендияларды және еңбек шарттары бойынша жұмысшыларға жалақыны уақтылы есептейді және төлейді, ай сайын олар бойынша талдау есебін жүргізеді; атқару парақтары бойынша ұсталған сомалар бойынша талдау есебін жүргізеді; мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдерді, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарналарды уақтылы есептейді; қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақыны, басқа да төлемдерді және олардан ұстап қалуларды есептеу мәселелері бойынша анықтаманы өңдейді және береді; № 5, 8; №-1т, 2Т-ПРОФ (айлық, тоқсандық және жылдық) «Еңбек бойынша есеп» нысанының аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізеді, оларды аумақтық статистика органына ұсынады; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Клинет СОНО» бағдарламасы бойынша электрондық нысанда Қосшы қаласының әлеуметтік, табыс салықтары және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем жөніндегі салық комитетіне тоқсан сайынғы есептерді жасайды және ұсынады; бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, салықтық және статистикалық есептілікті жасайды, оларды мұрағатқа тапсырады; Академия қызметкерлерінің іссапар және шығыстардың басқа да түрлері бойынша аванстық есептерін тексереді және өңдейді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде бастапқы құжаттардың, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, қаржылық есептіліктің, есеп саясатының, өзге де деректердің сақталуын қамтамасыз етеді; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді; қаржылық құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Біліміне қатысты талаптар:

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

— Бизнес, басқару және құқық (маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе бағалау және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе менеджмент);

— Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (статистика және/немесе математика).

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 бұйрығы)  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

__________________________________

                                                                                         (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені ____________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын       транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

 

_____________________________________________________________

 

_____________________________________________________________

 

_____________________________________________________________

 

Мекен жайы: ______________________

 

Байланыс телефоны: ______________________

 

e-maіl: ______________________

 

ЖСН: ______________________

 

 

_________                                                                    ___________________________

(қолы)                                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))