А.ж. 15 наурызында Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері мен білім алушылары қала әкімдігі жанындағы Орталықтың тәлімгерлеріне арналған мейірімділік күнін мерекелеу аясында «Балаларға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық шарасы аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға оқу құралдары, тәтті тағамдар мен жемістер табыс етілді. Сондай-ақ, Орталыққа көпфункциялы Xerox сыйға тартылды.
Балалар Академияның ұжымы мен білім алушыларына алғыстарын білдірді.
Осындай іс-шараларды Академия Әлеуметтік жобалар мектебі аясында тұрақты түрде өткізеді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі