Құқық қорғау органдары академиясы 2024 жылғы 11-15 наурыз аралығында прокуратура қызметкерлері үшін «Қылмыстың алдын алу, сондай-ақ олигополияға қарсы іс-қимыл және шетелден (шет елдердің практикасы) қатар қаржылық және сыбайлас жемқорлық тергеулерін жүргізе отырып активтерді қайтару мәселелері» өзекті тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Оқу іс-шарасына Қазақстанның 16 өңірінің прокуратура органдарының өкілдері қатысты.
Курстың мақсаты Мемлекет басшысының шетелден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару бойынша қойған міндеттері аясында прокурордың біліктілігін арттыру болды.
Академияның профессорлық-оқытушылық құрамымен қатар, курста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қаржы мониторингі агенттігінің жауапты қызметкерлері дәріскер ретінде сөз сөйледі.
Дәріскерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстық істерді тергеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ активтерді қайтару жөніндегі халықаралық-құқықтық негіз және қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу және шетелден қайтару әдістері туралы әңгімеледі.
Оқыту барысында сондай-ақ ашық көздер бойынша қаржылық барлау жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды, қылмыстық кірістерді анықтаудың, жылыстатудың үздік тәжірибелері және активтерді қайтару бойынша бейресми желілердің қызметі зерделенді.
Алынған білім прокурорларға қадағалау қызметі барысында қолданыстағы құқықтық құралдарды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі