Еуропалық Одақтың құқық үстемдігі жөніндегі сарапшысы Ирина Урумова келді

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясына Еуропалық Одақтың құқық үстемдігі жөніндегі сарапшысы Ирина Урумова келді.

Академия проректоры М.Ешімов әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдірді, Академияның алдағы кезеңге арналған қызметімен және жоспарларымен таныстырды.

И. Урумова өз тарапынан «Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Framework Contract арасындағы ынтымақтастық тетігі туралы негіздемелік келісімшарт» жобасының басым бағыттары және оны іске асыру аясындағы мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Бұл жоба 2020 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді қолдау мақсатында құрылған.

Тараптар серіктестікті дамыту, Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуетін нығайтуға бағытталған жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл саласында бірлескен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру перспективаларын талқылады.

Киберқылмыспен, ақшаны жылыстатумен, қаржылық қылмыстарды тергеумен және заңсыз активтерді қайтарумен күресу бойынша мамандарды даярлауға сараптамалық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде одан әрі өзара іс қимыл жасау туралы ниет білдірді.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі