«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУІ

Құқық қорғау органдары академиясы «Құқық қорғау органдарының қызметін бағалау мәселелері» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеуді бастады.

Құқық қорғау органдарының қызметін бағалауға және олардың жұмысының әлеуметтік тиімділігін арттыруға байланысты проблемалық мәселелерді іздеу және шешу оның мақсаты болып табылады.

Ғылыми зерттеу аясында қолданыстағы ұлттық заңнаманың нормаларын, ғылыми көзқарастарды, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесін және құқық қорғау органдарының қызметін бағалаудың халықаралық стандарттарын зерделеу жоспарлануда.

Мүдделі тараптарды алдағы жұмысқа қатысуға шақырамыз. Егер сізде сындарлы ұсыныстар болса, оларды 7171215@prokuror.kz, 7171261@prokuror.kz электрондық пошта мекенжайларына жіберулеріңізді сұраймыз.

Академия ынтымақтастық пен ашық диалогқа әрқашан ашық.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі