«ҚР ҚК-нің 216-БАБЫ БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ». ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ

Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізуде.

Іс жүзінде жұмыстарды орындамай-ақ шот-фактураларды беру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жетілдіру зерттеудің мақсаты болып табылады.

Ғылыми зерттеу шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді процессуалдық үнемдеу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлей отырып, зерттеу тақырыбына, оның ішінде бизнесті қорғау мәселелеріне қатысты қылмыстық іс жүргізу заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын зерделеу жоспарлануда.

Мүдделі тараптарды алдағы жұмысқа қатысуға шақырамыз. Ұсыныстар мен өтінімдерді 7171144@prokuror.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Академия ынтымақтастық пен ашық диалогқа әрқашан ашық.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі