Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының «Проблемы реализации отдельных общеправовых принципов уголовного процесса» монографиясы «Научная книга» халықаралық конкурсында «Заң ғылымдары: қылмыстық-процестіқ құқығы және криминалистика» номинациясы бойынша лауреат атағына ие болды.
Біздің ғалымдардың «Ғылыми кітап» байқауына қатысуы дәстүрге айналды. Ұйымдастырушы – Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы. Бұл ЖОО Ресей ІІМ жүйесінің Бас ғылыми-әдістемелік орталығы, сондай-ақ ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ТМД елдері-мемлекеттерінің базалық ұйымы болып табылады.
Іс-шараның жоғары деңгейіне 2023 жылы байқауға Беларусь, Қазақстан және Ресейдің ғылыми және білім беру мекемелерінен 83 еңбек ұсынылғандығы дәлел.
Ұлттық, халықаралық және шетелдік заңнаманы ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша дайындалған монография қылмыстық процестің жалпы құқықтық принциптерін жүзеге асырудың теориялық және практикалық мәселелерін ашады.
Құқық қолдану тәжірибесін зерделеу, статистикалық мәліметтерді талдау, сондай-ақ жекелеген жалпы құқықтық принциптерді салыстырмалы талдау негізінде ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар ұсынылады, азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған.
Халықаралық конкурстардағы жүлделі орындар Академия өткізетін ғылыми зерттеулердің тиімділігін тағы да растайды.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі