Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның тапсырысы бойынша «Мемлекеттік қызметтің шектеулері. Мәселелер мен перспективалар» тақырыбы бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізуде.
Оның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйымдардың тиімділігіне және олардың құқықтық салдарына байланысты проблемалық мәселелерді анықтау болып табылады.
Ғылыми зерттеу шеңберінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен мемлекеттік мүдделерді сақтау контекстінде мемлекеттік қызметке (соның ішінде құқық қорғау қызметіне) түсу мен өту мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманың нормаларын зерделеу жоспарлануда.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мүдделі тұлғаларды алдағы жұмысқа қатысуға шақырамыз, ұсыныстар мен өтініштерді 7171181@prokuror.kz, 7171187@prokuror.kz, электрондық пошта мекенжайларына жолдауларыңызды сұраймыз.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі