Жас мамандардың кезекті шығарылымы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының кезекті шығарылымы өтті.

Академияның бірінші проректоры Қалиолла Сейтенов түлектерді оқудың сәтті аяқталуымен құттықтап, өз ісінің нағыз кәсіби маманы болуын тіледі.

Экономикалық тергеу қызметіне түскен 30 жас маман курстарды аяқтау туралы сертификаттар алды. Оқудағы жетістіктері мен оқу орынның қоғамдық өміріне қатысқан тыңдаушылар Академия ректорының грамоталарымен марапатталды.

Кәсіптік даярлау институты 2020 жылы басталып, жоғарғы оқу орын қызметінің стратегиялық бағыттарының біріне айналды.

Академия өзінің алдына жоғары кәсіби және жеке әлеуеті бар мамандарды даярлау міндетін қойды. Білім беру бағдарламалары тыңдаушыларға алдағы жұмысқа барынша дайындалуға көмектесуге арналған.

Академияда Экономилық тергеу қызметінің мамандары кәсіби білімдерін толықтырып, жедел-тергеу жұмысының маңызды дағдыларын үйренді. Оқу орында алған теориялық білімдерін тағылымдама барысында бекітті.

Сондай-ақ ату, саптық және дене шынықтыру, мәдени және зияткерлік білім беру сабақтары ұйымдастырылды.

Түлектер оқытушыларға алған білімдері үшін, қажырлы және адал еңбектері үшін алғыстарын білдірді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі