Адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша Облыстық семинар

Бүгін Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия) сарапшылары мен практиктерінің қатысуымен адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық семинар өз жұмысын бастады. Шараны Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Тренинг қатысушылардың назарын екі аспектіге аударады: ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, адам саудасына қарсы заңнамалық шараларды күшейту және қылмыстық-құқықтық реттеу тұрғысынан адамдардың онлайн саудасына қарсы тұру.

Ашылу салтанатында Академия ректоры Марат Сексембаев пен «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Марат Башимов адам саудасымен байланысты қылмыстармен, атап айтқанда, адамдарды тартатын веб-сайттармен күресу үшін тиімді құқықтық базаны қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Екінші сессия барысында прокурорлар мен полиция қызметкерлері интернет-платформалардың адам саудасына қалай ықпал ететінін талқылап, адам саудасы қаупі жоғары веб-сайттардағы заңсыз пайдалану көрсеткіштерін талдайды.

АҚШ, Канада, Ирландия, Румыния және Израилдің сарапшылары күдікті интернет-платформалардың картасын жасау, веб-сайттарда жарнамаланған қылмыс құрбандарын анықтау және осы істерді белсенді тергеу мәселелерін қарастырады.

Семинардың соңғы күні қатысушылар адам саудасымен күресуге бағытталған технологиялық өнімдерді әзірлеудегі қазақстандық тәжірибемен танысу үшін «Kazdream Special Systems»-ке барады.

Семинар есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығында (ЦАРИКЦ) өтуде.

Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі