«Ашық НҚА» платформасында «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №675 бірлескен бұйрығымен бекітілген Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің төрағасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының бірлескен бұйрығының жобасы талқылау үшін орналастырылды (сілтеме — https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14821772).