Прокуратура қызметкерлері арасында әйелдер волейболынан чемпионат

9-10 қараша аралығында Құқық қорғау органдары академиясында «Орталық» орталық өңірі прокуратураларының әйел қызметкерлері арасында волейболдан чемпионаттың іріктеу туры өтті. Іс-шара прокуратура күнін мерекелеу құрметіне ұйымдастырылды.

Жарысқа Бас прокуратураның, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, Бас көлік прокуратурасының, Бас әскери прокуратураның және Астана қаласы прокуратурасының командалары қатысты. Турнир айналмалы жүйеде өтті, бұл әр командаға ойынның ең жақсы дағдылары мен стратегияларын көрсетуге мүмкіндік берді.

Мұндай турнирлер ұжымның денсаулығы мен бірлігін нығайтып қана қоймай, қызметкерлер арасында моральды көтереді.

Шиеленісті және қызықты матчтардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Бірінші орын: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет;

 

Екінші орын: Бас прокуратура;

Үшінші орын: Бас әскери прокуратура.

Барлық командалар әріптестері мен жанкүйерлерінің құрметі мен қошеметіне ие бола отырып, жанқиярлық ойын мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Командалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кубогы үшін күресетін чемпионаттың соңғы кезеңі қараша айының соңында Астанада өтеді деп жоспарланған.

Академия командасы Қостанай қаласында өтетін «Оңтүстік» іріктеу турына қатысады. Әріптестерімізге чемпионаттың іріктеу кезеңінен сәтті өтуін тілейміз!

Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі